Қарабұлақ ауылның үлгілі кітапханасы балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Қатыгезсіздік балалық шақ» атты бейнеролик ұсынады. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында Б.Майлиннің 130 жылдығына арналған «Жүректер мен естеліктерде мәңгілік» атты дауыстап оқу іс-шарасы өткізілді. Кітапханашы жоғары сынып оқушы балаларға жазушы-драматургтің өмірбаянымен, халық арасында кеңінен танымал шығармаларымен таныстырды. Балалар Б.Майлиннің «Ел сыры» шығармасынан үзінді оқыды. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасы жаңа түскен кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, барлық оқырмандардың қызығушылығын арттырып бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырады. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасы «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты квест ойынын 11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өткізді. Кітапханашы сыбайлас жемқорлық туралы квест ойынды екі командаға оқушыларды бөліп, «Сыбайлас жемқорлық...» «Дәлелдемелік айғақ» атты тапсырма бойынша нақыл сөздерін жинады. Ойында командалар сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік құбылыс ретінде теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындады. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасы мектеп пен әкім аппаратымен бірлесіп «Біз сізге жан жылуын береміз!» атты мерекені Қарттар айлығына орай іс-шара өткізді. Кітапханашылар жақсылық пен сыйластық мерекесі туралы шағын бет белгілерді ұсынып, мерекелерімен шын жүректен құттықтады. «Бақытты сәттер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелі күн асыл жасты қарттарымыз жастық шақтарының сырларымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып, музыкалық ойын сайыстарына қатысты. Балалар музыкалық-поэтикалық көріністер ұсынды. |
Қарабұлақ а. үлгілі кітапхананың кітапханашылары жалпы білім беретін мектебінде 9-сынып оқушыларына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 80 жыл толуына орай «Жайық ұшқан аққу жыр» атты әдеби кеш өткізді. Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына еліміздің мақтанышы, Мемлекеттік сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева тоқталды, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесімен таныстырды. Балаларға «Тұлға» бейнефильмі көрсетілді. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында «Глобус» клубының қатысушыларымен «Кітап арқылы экология» атты ақпараттық сағат өткізілді. Балаларға экология бойынша қызықты кітаптармен көбірек танысуға мүмкіндік берілді. Балалар жануарлар мен өсімдіктер, жәндіктер және тағы басқалар туралы кітаптарды парақтап, қызығушылықпен білді. Балалар табиғат туралы жұмбақтардың шешуін тапты, адамның ормандағы және өзендегі дұрыс немесе бұрыс мінез-құлқы туралы ситуациялық сәттері талқыланды. Бізді қоршаған әлемді сақтау және жақсарту туралы өз идеялары мен ойларымен бөлісті. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында «Нашақорлық – қиыншылықтың беті» атты ескерту сабағы орта мектеп жасындағы балалармен өткізілді. Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. «Біз Есірткіге қарсымыз!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысушыларға нашақорлық, нашақорлықтың зияны және нашақорлықпен күрес туралы кітаптар, иллюстрациялық материалдар, зиянды әдеттердің алдын алуға арналған басылымдар, нашақорлықтың қайғылы салдары туралы объективті сабақ беретін көркем әдебиет туындылары ұсынылды. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында кітапхана оқырмандарымен «Елбасы Жолдауы – болашаққа көзқарас...» атты ақпараттық сағат өтті. Мақсаты оқырмандарды Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының мазмұнымен таныстыру. Кітапханашы Елбасы Жолдауында көрсетілген негізгі міндеттермен таныстырып, елбасы атап өткен міндеттерге ерекше назар аударды. В модельной библиотеке села Карабулак с читателями библиотеки проведен информационный час «Елбасы Жолдауы – болашаққа көзқарас...». Цель которого было познакомить читателей с содержанием Послания Президента Республики Казахстан. Библиотекарь познакомила с основными задачами, которые изложены в Послании Президента, особо было акцентировано внимание на задачах, отмеченных Президентом. |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы туралы түсініктерін дамыту, шығармалардың эмоционалды үнін түсіне білу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, өмірбаянындағы негізгі деректерге тоқталды. Жазушының шығармаларымен таныстырылып, әйгілі әңгімелеріне қысқаша талдау жасалды. В модельной библиотеке с. Карабулак в рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга» провели воспитательный час «Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев». Цель: развитие представлений о творчестве Бердибека Сокпакбаева, умение понимать эмоциональный тон произведений, развивать навыки выразительного чтения. В мероприятии приняли участие учащиеся начал ... Читать дальше » |