Приветствую Вас, Гость

13:55
«Ана тілім, менің елімнің тілі» атты ақпаратты сағат

Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында халықаралық ана тілі күні қарсаңында 18 ақпан 2022 жылы Қарабұлақ орта мектебінің 8 «А»сынып оқушылыры мен сынып жетекшісі Карагулова А.Қ. қатысуымен «Ана тілім, менің елімнің тілі» атты ақпаратты сағат ұйымдастырылды.Кітапханашы Қабыкенова Г.А. қатысушыларға тілдердің пайда болу туралы мәліметтер айтып,қызықты тарихи фактілерді келтірді.«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы және 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы жалпыға ортақ оқу үшін таңдалғаны туралы айтып берді. Ахмет Байтұрсынов-қазақ ағартушысы, ірі лингвист-ғалым, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеуші,бір қатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.Табиғатынан дарынды және мінезі бойынша табанды мұғалім. А.Байтұрсынов, білім әлемді құтқарады деп сенген. Араб графикасы негізінде Қазақ жазуын реформалаған. Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының болашағы, қазақ тілі мен ұлттық мәдениетінің болашағы жас ұрпақтың білім деңгейіне,руханилығына және адамгершілігіне байланысты екенін түсінді.Оқу залында «Тіл - ұлттың жаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Карагулова Асия Қойшанқызы мағлұмат берді. Оқушылар өз ой-пікірлерін айтып,ой бөлісті. Кітапханашыларда оқушыларға құнды деректер,мағлұматтар берді. Ахмет Байтұрсынұлы мен тілге байланысты ұйымдастырылған көрме де оқушылар үшін өте пайдалы болды.Мектеп оқушылары мен кітапханашылар арасында өткізілген ақпараттық сағатпайдалы әрі құнды болып,оқушыларға көп мағлұмат берілді.

 

Просмотров: 95 | Добавил: Манап | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: