Приветствую Вас, Гость

20:52
Қарабұлақ ауылы күні

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл мәртебесін көтеру мақсатында орталық қалалық кітапхана «Ауыл күндерін» ұйымдастыру жұмысын жалғастыруда. 26 маусым күні «Сағындырған туған жер» атты «Қарабұлақ ауылы күні» өтті. Кітапхананың екінші қабатында ауыл естеліктерінен қол өнер көрмесі, «Ауылым алтын бесігім» атты кітап көрмесі қойылды. Шараға Қарабұлақ ауылының тұрғындары қатысты.

«ОКЖ» КММ басшысы Мұхамадиева Роза Койкеновна шараның ұйымдастырылу мақсатын айтып, келген қонақтарға алғыс білдірді. Ауыл әкімі Айтимов Каергельды Ислямбекович ауыл тарихының естеліктерінен сыр шертіп, қазіргі таңда атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.

Сондай-ақ, 1973 жылдан 2010 жылға дейін ауыл кітапханасын көз қарашығындай сақтап келген Ираида Сергеевнаны еске алды.
Қарабұлақ ауылының ардагерлер кеңесінің төрайымы Макпал Айтмаганова сөз сөйлеп, туған жеріне деген ыстық ықыласын білдірді. Ауыл тұрғындары арасынан Ахат Орынбайұлы М.Койбасовтың «Карабулак вчера, сегодня, завтра» атты өлеңін оқып, «Ауылым», «Ана» әндерін орындады. Кимешек киген әжелер шашу шашып, жемістер ұсынып шараның сәнін келтірді.

 

Просмотров: 629 | Добавил: Лариса | Теги: Село Карабулак, Карабулак, День села, ауыл күні, история Карабулака | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: