Приветствую Вас, Гость

08:26
«Домбыра - қазағымның қазынасы!» - Қарабұлақ ауылы үлгілі кітапханасы

Домбыра – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Домбырамен ұлттық музыкалық үлкен мәдениеті ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мыңжылдықтардан бері жалғасып келеді. Ұлттық домбыра күнінің арнайы жарлықпен бекітілуі президент бастамасымен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен өзектес. Әр ұлт өзінің ұлттық аспабын мақтаныш етеді, басқаға теңгермейді, жаттың қанжығасына өңгермейді. Бір нәрсе айқын – қазір қазақтың ұлы музыкалық аспабы – қасиетті қара домбырадан шыққан үн, ол орындай алатын әлемдік аспаптардың кеудесінен шыққан кез-келген күрделі әуен, көрікті саз қайсы ұлттың өкілдерін де жалт қаратып, жанына шуақ, көңіліне қуат құяды. Осы айтулы күнге орай Қарабұлақ ауылы үлгілі кітапханасы «Домбыра - қазағымның қазынасы!» атты бейнероликті назарларыңызға ұсынады.

 

Просмотров: 185 | Добавил: Манап | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: