Приветствую Вас, Гость

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау және жазғы демалыстың басталуы күні Қарабұлақ ауылы үлгілі кітапханасының кітапханашылары ауыл әкімінің аппаратымен бірлесіп " Сәлеметсіз бе, жаз!» атты іс-шара ұйымдастырды. Бұл мереке балалардың ғана мерекесі ғана емес, сонымен қатар ересектердің өскелең ұрпақ үшін үлкен жауапкершілігі. Өйткені балалар — біздің еліміздің болашағы. Балалар «Шығармашылық шеберхана» атты сайыста жаз, демалыс, балалық шақ тақырыбында өлеңдерді жатқа оқыды. "Алты атар" спорттық қазақ ұлттық ойынын ойнады, «Менің сүйікті мультфильмдерім» викторинасына қатысып сұрақтарға жауап берді. Балалар жақсы көңіл көтеріп, тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарға ие болды.

Жеке кәсіпкер Оспанова Гульмира, "Нияз" дүкенінің иесі балаларға балмұздақ пен тәттілер сыйлады.

Балалар уақытты көңілді өткізіп қана қоймай, күш-қуат алды. Бұл күні көптеген күлкі мен жақсы көңіл-күй, және, әрине, ұмытылмас әсерлер болды. ... Читать дальше »

Просмотров: 73 | Добавил: Манап | Дата: 01.06.2021 | Комментарии (0)