Приветствую Вас, Гость

Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында Республика күніне орай «Қазақстан – бейбітшілік пен ізгілік мекені» атты поэтикалық сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін арттыру. Отанын,туған жерін, туған елін сүюге,құрметтеуге үйрету. Іс-шараға 6 «А» , 6 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Арипова Е.А., Мухаметжан А. А., Мурзагалиева Ұ.Ж., және оқу-тәрбие ісі жөніндегі Оразалина З.З.қатысты.
Іс-Шара Қазақстанның әнұранын тыңдаумен басталды. Оқушылар мерекенің тарихы, мемлекеттік рәміздер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, халық батырлары мен табиғи өлкенің байлығы, халық музыкалық аспаптары, республикаға танымал тұлғалар туралы білім алды. Оқушылар Отан, Тәуелсіздік, достық туралы тақпақтар оқыды, кітап көрмеге қысқаша шолу жасалды,бейнеролик тамашалады. 

... Читать дальше »

Просмотров: 138 | Добавил: Манап | Дата: 24.10.2023 | Комментарии (0)