Приветствую Вас, Гость

13:55
«Қош келдің Наурыз!» әдеби-музыкалық кеш

Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында «Қош келдің Наурыз!» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Іс шараның мақсаты: Наурыз  мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шараға Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Наурыз мейрамының тарихы туралы әңгімелеп, викторина өткізді, балалар қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар «Бес асық» ұлттық ойынын өткізді. Іс-шараларда Наурыз мейрамына арналған музыкалық шығармалар орындалып, оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Іс шараға «Наурыз - ұлт мұрасы» атты кітап үйірмесі ұйымдастырылып «Дала елі уақыт сияқты шексіз..», «Салт-дәстүрлері», «Наурыз – думан, көңілді көктем» бөлімдерімен таныстырылды. Кітап көрмесінде Қазақстан тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы орыс және қазақ тіліндегі кітаптар, ұлттық киімдегі қуыршақтар, ұлттық аспаптар, тұрмыстық бұйымдар қойылды. 

 

В модельной библиотеке села Карабулак провели  литературно-музыкальный вечер «Қош келдің Наурыз!» с учениками 7«А» класса общеобразовательной школы села.   Цель: Рассказать о празднике Наурыз, расширить знания о традициях и обычаях казахского народа, воспитывать в школьниках любовь к своей стране, земле, нравственности.
В ходе мероприятия библиотекарь рассказала учащимся об истории возникновения праздника Наурыз. Ребята отвечали на вопросы викторины о казахских традициях и обычаях, играли национальную игру «Бес асық». На мероприятии прозвучали музыкальные композиции, посвященные Наурызу, учащиеся высказывали друг другу свои добрые пожелания в связи с праздником. К мероприятию была оформлена книжная выставка-экспозиция: «Наурыз–ұлт мұрасы», с разделами «Степная земля бесконечна как время…», «Салт-дәстүрлер», «Наурыз - думан, көңілді көктем». На книжной выставке представлены книги по истории Казахстана, о праздновании Наурыза, обрядах и обычаях казахского народа на русском и казахском языках, куклы в национальных одеждах, национальные инструменты, домашняя утварь и.т.д.

Просмотров: 125 | Добавил: Манап | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: