Приветствую Вас, Гость

Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында «Қош келдің Наурыз!» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Іс шараның мақсаты: Наурыз  мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шараға Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Наурыз мейрамының тарихы туралы әңгімелеп, викторина өткізді, балалар қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар «Бес асық» ұлттық ойынын өткізді. Іс-шараларда Наурыз мейрамына арналған музыкалық шығармалар орындалып, оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Іс шараға «Наурыз - ұлт мұрасы» атты кітап үйірмесі ұйымдастырылып «Дала елі уақыт сияқты шексіз..», «Салт-дәстүрлері», «Наурыз – думан, көңілді көктем» бөлімдерімен таныстыры ... Читать дальше »

Просмотров: 124 | Добавил: Манап | Дата: 20.03.2023 | Комментарии (0)