14:47 «Бала тілін тапқан ақын» дауыстап оқу | |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында 2023 жылдың 26-шы қаңтарында Ермек Өтетілеуовтің туғанына 85 жылдық мерейтойына «Бала тілін тапқан ақын» атты дауыстап оқу өтті. Iс-шараға Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің орта мектеп жасындағы балалармен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мұхаметжан Ақбота Амангелдіқызы қатысты. Бұл шараның мақсаты: балаларды, балалар жазушысы Ермек Өтетілеуов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әдебиетпен үнемі араласуға дағдыландыру, кітапқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін, құштарлығын ояту . Балалар жазушының түгелдей шығармашылығымен, республикалық балаларға арналған «Балдырған» журналында еңбек еткен жылдары туралы мағлұмат алды. Балалар дауыстап оқу үшін «Өсіп келе жатырмыз» атты жыр жинағын таңдап оқыды. 26 января в модельной библиотеке с. Карабулак прошли громкие чтения «Бала тілін тапқан ақын» с детьми среднего школьного возраста посвященный 85 - летию со дня рождения Утетлеуова Ермека. На мероприятии присутствовали учащиеся младших классов средней школы села с преподователем казахского языка Мухаметжан Акбота Амангельдиновной. Целью данного мероприятия было познакомить детей с жизнью и творчеством детского писателя Утетлеуова Ермека, приучить к постоянному общению с литературой, вызвать интерес, любовь и тягу к книге. | |
|
Всего комментариев: 0 | |