13:55 «Қош келдің Наурыз!» әдеби-музыкалық кеш | |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында «Қош келдің Наурыз!» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Іс шараның мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шараға Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Наурыз мейрамының тарихы туралы әңгімелеп, викторина өткізді, балалар қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар «Бес асық» ұлттық ойынын өткізді. Іс-шараларда Наурыз мейрамына арналған музыкалық шығармалар орындалып, оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Іс шараға «Наурыз - ұлт мұрасы» атты кітап үйірмесі ұйымдастырылып «Дала елі уақыт сияқты шексіз..», «Салт-дәстүрлері», «Наурыз – думан, көңілді көктем» бөлімдерімен таныстырылды. Кітап көрмесінде Қазақстан тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы орыс және қазақ тіліндегі кітаптар, ұлттық киімдегі қуыршақтар, ұлттық аспаптар, тұрмыстық бұйымдар қойылды. В модельной библиотеке села Карабулак провели литературно-музыкальный вечер «Қош келдің Наурыз!» с учениками 7«А» класса общеобразовательной школы села. Цель: Рассказать о празднике Наурыз, расширить знания о традициях и обычаях казахского народа, воспитывать в школьниках любовь к своей стране, земле, нравственности. | |
|
Всего комментариев: 0 | |