12:51 «Құс асханасы» экологиялық акция | |
22 сәуір Қарабұлақ ауылдық үлгілі кітапханасы «Құс асханасы» атты экологиялық акциясын Дүниежүзілік Жер күніне орай өткізді. Қолдан жасалған құс астаушаларын «Глобус» жас саяхатшылар клубының мүшелері дайындап, ауыл аумағына орналастырды. Кітапханашы балаларға құстардың табиғаттағы маңызы мен оларды қорғаудың қажеттілігі туралы әңгімелеп берді. Балалардың табиғатқа деген қамқорлығын арттырып, экологиялық тәрбие беру бағытында маңызды іс-шаралардың бірі болды.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |