17:56 «Сәбит Мұқанов – халық мұрасы» портрет кеші | |
29 сәуір Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында «Сәбит Мұқанов – халық мұрасы» атты портрет кеші қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай өткізді. Қарабұлақ а. ЖОББМ 8 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы жазушының өмір жолы мен шығармашылығы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтып, шығармаларынан үзінділер оқыды. Оқушылар С. Мұқановтың «Ботагөз», «Сырдария», «Шоқан Уәлиханов» сияқты туындылары бойынша өз ойларымен бөлісіп, үзінділерді көркем оқыды. «Өмірден өрілген әдеби әлем» кітап көрмесіне шолу жасады. | |
|
Всего комментариев: 0 | |