15:18 Вечер-портрет «Гордость казахского народа», посвященный 150- летию Ахмета Байтурсынова | |
27 қаңтар 2022 жылы Қарабұлақ ауылы үлгілі кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Гордость казахского народа» атты портрет кеші өтті. Ахмет Байтұрсынұлы артына мол ғылыми мұра қалдырды. Ол түркі тілдес халықтардың бірлігін берік жақтаушы, отандық тіл ғылымының негізін салушы, қазақ әліпбиінің авторы болды. Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, ұстаз, публицист, қоғам қайраткері, «Қазақ» газетінің редакторы, Алаш Орда көсемдерінің бірі. Шараға орта мектептің 8-9 «Б» сынып оқушылары, тарих пәнінің мұғалімі Мажитов Бейбіт Қамзенұлы, Оразалина Зауреш Забиевна сонымен катар ВР меңгерушісінің орынбасары және кітапханашылар қатысты. Кеш бағдарламасы «Ахмет Байтұрсынов – қазақ даласының ұлы перзенті» атты бейнероликпен басталды. Бейбіт Қамзенұлы, Ахмет Байтұрсынұлының өмір баянымен, шығармашылығымен таныстырып өтті. Кітапханашы Батталова М.Н. Байтұрсынұлының қазақ халқының жан дүниесіндегі ең құрметті орынға ие екендігіне кеңінен тоқталып, ақынның «Қаңғыру» өлеңін оқыды. Шараға орай кітапханада «Қазақ халқының мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған А.Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған кітаптар, мерзімді басылымдар қойылып, әдебиеттерге шолу жасалды. 27 января 2022 года Модельная библиотека с. Карабулак провела вечер-портрет «Гордость казахского народа», посвященный 150- летию Ахмета Байтурсынова. Ахмет Байтурсынов оставил богатое научное наследие. Он был убежденным сторонником единства тюркоязычных народов, основателем отечественной лингвистической науки, автором казахского алфавита. Ахмет Байтурсынов – поэт, учёный, тюрколог, переводчик, педагог, публицист, общественный деятель, редактор газеты "Казах", один из лидеров Алаш Орды. В мероприятии приняли участие учащиеся 8-9 «Б» классов средней общеобразовательной школы с. Карабулак, а также учитель истории Мажитов Бейбит Камзенович, Оразалина Зауреш Забиевна заместитель руководителя по ВР и библиотекари. Программа вечера началась показом видео материала «Ахмет Байтурсынов – великий сын казахской степи». Бейбит Камзенович увлекательно рассказал о жизни и творчестве Ахмета Байтурсынова. Библиотекарь Батталова М.Н. представила информацию, в которой подробно остановилась на том, что Байтурсынов занимает в душе казахского народа самое почетное место и прочитала стихотворение поэта «Қаңғыру». К мероприятию в библиотеке была оформлена книжная выставка «Казақ халқының мақтанышы» на которой были представлены книги, периодические издания по творчеству А.Байтурсынова, был проведен обзор литературы.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |