08:40 «Жұмбақ жасырылған сандық» | |
Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында кіші және орта жастағы балалармен «Жұмбақ жасырылған сандық» атты әдеби байқауы өтті. Бұл шараның мақсаты кітап пен кітап оқуды кеңінен насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру болды. Балалар кітабының апталығы – кітапқа ғашық барлық ізденімпаз балалар үшін тамаша мереке, қызықты шытырман оқиғалардың, жаңа әдеби жаңалықтардың мерекесі. Ертегілер сияқты жұмбақтар да ғасырлар бойы жылдан-жылға ауысып келеді. Балалар тамаша білімдерін көрсетті, «Батырды тап», «Ертегіні жалғастыр» сайыстарына қатысты. Іс-шара көңілді, қызықты және тартысты өтті. Ең белсенді балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |