Приветствую Вас, Гость

Қарабұлақ ауылы үлгілі кітапханасы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Девушка, ставшая легендой» атты бейнеролигін ұсынады. Мәншүк Мәметова адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызы. Оның өмірі мен ерлігі турасында талай тағылымды естеліктер жазылды, жазыла да бермек. Өйткені, ерлік тарихы мәңгілік тақырып. Мәншүк миллиондаған адамдардың бейбіт тірлігі жолында өз өмірін құрбан еткендердің бірі.

... Читать дальше »

Просмотров: 155 | Добавил: Манап | Дата: 01.04.2022 | Комментарии (0)

Қарабұлақ ауылының  үлгілі кітапханасында 1 сәуір күні кіші жастағы балаларға «Тіл білімнің атасы» атты әдеби кеш өткізілді. Кітапханашы қатысушыларға тілдің пайда болуы туралы мәліметтер айтып, қызықты тарихи фактілер келтірді. 2022 жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акцияға Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» шығармашылығы жалпыға ортақ оқу үшін таңдалғаны туралы айтылды. Іс-шараның екінші бөлімінде балалар тіл туралы мақал-мәтелдерді біліп, жұмбақтар шешіп «Сөйлемді аяқта», «Рифманы тап» зияткерлік ойындарына қатысты.

 

... Читать дальше »

Просмотров: 100 | Добавил: Манап | Дата: 01.04.2022 | Комментарии (0)