Приветствую Вас, Гость

15 сәуір күні Қарабұлақ ауылы үлгілі кітапханасының қызметкерлері "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай "Қазақтың бас батыры – Қабанбай" атты тарих сағатын өткізді. Іс-шараға ауылдың жалпы орта білім беретін мектебінің 6" А " сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар халық арасында батыр туралы көптеген дастандар, поэмалар, арнайы зерттеулер жазылғанын атап өтті. Іс-шара барысында балалар көзі тірісінде даңққа бөленген батырдың ерліктерімен танысты. Серік Қонаев пен Дінмұхамет Қабанбай батырға арналған поэмадан үзінділер оқыды. Іс-шара соңында балалар"Тарихтағы тұлғалар"бейнеролигін тамашалады.
... Читать дальше »
Просмотров: 120 | Добавил: stepbiblioteka | Дата: 18.04.2022 | Комментарии (0)