Приветствую Вас, Гость

Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасының кітапханашысы Дүниежүзілік «рахмет» күніне орай «Сиқырлы сөз-рахмет» атты ойынды кешті Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8 «А » сынып оқушыларымен өткізді. Мақсаты: оқушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда сыпайылық және осы жағдайларда сыпайы сөздерді қолдану туралы білімдерін кеңейту және бекіту. Оқушылар мерекенің тарихы туралы мәліметтермен танысып, бір-біріне рахметтері мен алғыстарын білдіріп, әдеттен тыс жағдайлардан дұрыс шығуды үйреніп, мейірімділік туралы өлең шумақтарын оқып, смайликтер арқылы ықыластарын білдірді. Іс-шараны қорыта келе, балалардың бойына жақсы қасиеттерін дарыта отырып, ертеңгі күні үмітімізді ақтайтын азамат пен азаматшалар болып шығатынын нық сенімділігін кітапханашы білдірді.    

... Читать дальше »

Просмотров: 111 | Добавил: Манап | Дата: 12.01.2023 | Комментарии (0)