Приветствую Вас, Гость

Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасында 2023 жылдың 26-шы қаңтарында  Ермек Өтетілеуовтің туғанына 85 жылдық мерейтойына «Бала тілін тапқан ақын» атты дауыстап оқу өтті. Iс-шараға Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің орта мектеп жасындағы балалармен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мұхаметжан Ақбота Амангелдіқызы қатысты. Бұл шараның мақсаты: балаларды, балалар жазушысы Ермек Өтетілеуов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әдебиетпен үнемі араласуға дағдыландыру, кітапқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін, құштарлығын ояту .                  Балалар жазушының түгелдей  шығармашылығымен, республикалық балаларға арналған «Балдырған» журналында еңбек еткен жылдары туралы мағлұмат алды. Балалар дауыстап оқу үшін «Өсіп келе жатырмыз» атты жыр жинағын таңдап оқыды. 

... Читать дальше »

Просмотров: 192 | Добавил: Манап | Дата: 26.01.2023 | Комментарии (0)